Жаңалықтар

18 Наурыз 2020 г.

МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАМА!

Қадірлі серіктестер! Біздің компания өзінің жұмысын жалғастыруда және тапсырыстарды күнделікті тәртіпте қабылдайды. Біз өзіміздің аударма қызметкерлерімізді қашықтықтағы жұмыс тәртібіне ауыстырдық, алайда, дайын тапсырыстарды қабылдау және өткізу үшін кеңседе әрдайым әкімшілік қызметкерлер мен есепші болады. Мейрам уақытында, біз 2020 жылдың 23-нен 25-не дейін демалатын боламыз. Шұғыл, күтпеген тапсырыстар болып жатқан жағдайда бізде   +7(777)1656650 желісі  әрдайым жұмыс істейді, демалыс және мейрам күндері Сіздерге өзіміздің қызметтерімізді көрсете аламыз. Орын алған шектеулерге қарамастан, біздің клиенттеріміздің игілігі үшін қызмет етуге және Сіздерге уақытылы және  сапалы аударма қызметтерін көрсетуге дайынбыз!

     Наурыз айында біздің команда «Intertek International Kazakhstan» ЖШС өткізетін ISO 9001:2015 стандартына сәйкес кезекті бақылау аудитіне дайындық жүргізді. Компаниямыздың сапа менеджмент жүйесі халықаралық стандарттарға қол жеткізіп, біз өзіміздің аса құрметті клиенттерімзге тек жоғары сапалы қызмет көрсететінімізге тағы да дәлел болды.,

 

Құрметті серіктестер, біздің компания audaru.com ағылшын-қазақ онлайн сөздігінің техникалық іске қосуын іске асырды. Қазіргі таңда, өз әзірлемемізді қолдана отырып, ағылшын тілінен қазақ тіліне және керісінше ағымдағы тапсырыстарды аударудамыз. Пайдаланушылар қолайлығы үшін, сөздік қор кем дегенде 300 000 терминдерді қамтиды, сонымен қатар қазақ латын әліпбиімен қамтамсыз етілген. Біз, онлайн сөздікті қолданысқа енгізген сәттен бастап, аудармашылардың тиімді әрі жақсы жұмыс істейтіндігіне сенеміз

 

"Translators Group" ЖШС Директоры, Индира Серікбай, ЕҚҚДБ-дан "2019 - Жыл Серпіні" құрмет марапатын алды. Бұл марапат, бизнеспен айналысатын әйелдердің әлеуетін арттыру үшін ЕҚҚДБ іске қосқан 9 айлық жетекшілік бағдарламасының нәтижесі болып табылады.

                                            

                                           

Алматы қаласында, 2019 жылғы 9 желтоқсанда, тілдік тілдік технологияларға қызығушылығы бар тұлғаларға алғаш рет«Компьютерлік лингвистикадағы қазақ тілі» Дөңгелек үстелі  болып өтті.  Іс-шараның ұйымдастырушысы , audaru.com ағылшын-қазақ тілі сөздігін жасаумен айналысатын «Translators Group» ЖШС аудармалар бюросы болды. Іс-шараның модераторы қазақ халқы дәстүрлері бойынша еңбектерінің авторы, танымал журналист және қазақтанушы Бердалы Оспан болды.  Өз сөзінде ол, қазақ тілінің ғылым тілі болуына барлық мүмкіншілікке ие екендігін, сонымен қатар, дөңгелек үстелдің аудармасыз, мемлекеттік тілде өткізілгендігін атап өтті.  Казақ тілін және латын әліпбиіне көшуді, NLP, тілдік технологияларды назарға ала отырып, Қазақстандағы компьютерлік лингвистикаға байланысты көкейкесті мәселелер бойынша пікірталас жүргізу болды. Іс-шараның басты спикері, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ақпараттық технологиялар факультетінің өкілі және отандық компьютерлік лингвистиканы дамыту қайнар көзінде тұрған, профессор, У.А.Тукеев болды. 

                               

                              

08 Қащан 2019 г.

Zhetysu Invest Forum - 2019

Біздің  ілеспе аудармашылар тобы Zhetysu Invest Forum -2019 аймақтық  ауқымдағы  маңызды іс-шараға аударма тұрғысынан  қолдау қызметтерін  көрсету үшін қонақжайлы Талдықорған қаласында болды . Іс-шара шынайы форматта және бірден үш тілде: мемлекетік тіл, орыс, ағылшын тілдерінде болды. Осы форумға, бизнесмендер,  әлеуетті инвесторлар, өнеркәсіпшілер мен  әр түрлі тауарлар мен қызметтерді  өндірушілер жиналды.

5 жыл бойы біздің компания, Translators Group,  Қазақстанның астанасында  барлау және өндіру бойынша өткізіліп отыратын маңызды іс-шараны ілеспелі аудармамен қамтамасыз етіп келеді. Біздің ұжым, ҚМГ және КИГ-Инжиниринг қолдауымен, KDR-2019 техникалық сессиясымен қатарлас өтіп жатқан іс-шарада 3 залға жауапты болды. Бұл іс-шара көптеген бұрғылау және мұнай-газ саласында қызмет көрсетіп жүрген сарапшылардың назарын аударды.Ұйымдастырушыларға бізге сенім артқаны және көпжылдық серіктестік үшін шын жүректен алғыс білдіреміз!

18 наурыз 2019 ж. Наурыз айында біздің кішігірім, дегенмен тиімді команда «Intertek International Kazakhstan» ЖШС өткізетін ISO 9001:2015 стандартына сәйкес кезекті бақылау аудитіне дайындық жүргізді. Компаниямыздың сапа менеджмент жүйесі халықаралық стандарттарға қол жеткізіп, біз өзіміздің аса құрметті клиенттерімзге тек жоғары сапалы қызмет көрсететінімізге тағы да дәлел болды.

"Translators Group" ешқашан аударма саласында мамандарды дайындайтын университеттермен өзінің байланысын үзбейді.  Осы жолы компаняиның өкілі, Индира Ермекқызы, аударма факультетінің жоғарғы курс студенттеріне 2 сағаттық мастер-класс өткізді.  «Компьютерлік тілтаным» атты тақырыпты қозғап, аудармашы жұмысының тәжірибелік аспектілерін түсіндіріп, аударма жасау үшін бағдарламалық өнімдерді пайдаланудың маңызыдылығын атап өтті. Аудармалық жады бағдарламалары бойынша тәжірибелік семинарлар өткізу келесі 2019 жылға да жоспарланып отыр.