Жаңалықтар
«Каспий және Орталық Азия мұнай өңдеу және мұнай-химия» тақырыбына арналған конференциясында аударма қызметтерін көрсету
Кезекті 5-ші «Каспий және Орталық Азия мұнай өңдеу және мұнай-химия» тақырыбына арналған конференциясы осы жылдың желтоқсан айында Алматы қаласындағы «Риксос» қонақүйінде болып өтті. Бұл маңызды іс-шарада көмірсутектерді өңдеу, тасымалдау және оны аймақтық нарықта тарату бойынша өзекті мәселелер қозғалып, талқыланды. Дәстур бойынша бұл шараға Еуропа және Азия елдерінен сарапшылар қатысты, сол себепті аудармашылардың көмегімен бұл шараның қатысушылары бір-бірімен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алды. Біз ұйымдастырушыларға олардың еңбектері үшін және артқан сенімдері мен біздің компаниямызға көрсеткен құрметі үшін алғыс айтамыз.
5 қараша 2018 жыл, EMNLP -2018 конференциясы
Осы жылы табиғи тілдерді өңдеудегі эмпирикалық әдіс (EMNLP) тақырыбына арналған конференциясына компанияның штаттық аудармашысы Ильяс Садуов қатысты. Бұл іс-шара Бельгия, Брюссель қаласы, "Square Meeting Center" орын алып, 2018 жылдың 31 қазан және 4 қараша аралықтарында болып өтті. Әдеттегідей, EMNLP конференциясына компьютерлік тілтаным саласындағы сарапшылар қатысты. Бұл шарада сарапшылар өз білімдерімен және дағдыларымен бөлісті, сонымен қатар, тіл мамандарының жас ұрпағы мен осы саланы дамыту, ілгерілету жолында қызмет атқаратын мамандарын өзіне тартты.
Ұлттық бизнес рейтингі
Осы жазда Translators Group Ұлттық бизнес-рейтингіне қатысу құрметіне ие болды және Алматы қ. мен Қазақстан бойынша үлгілі салық төлеуші ретінде көрсетілетін қызмет бейіні бойынша алғашқы үштікте орын алды. Рейтингілік агенттіктің ұйымдастырушы комитеті бізге хабарлағандай , "жоғары нәтижелер компанияның елдің экономикасының дамуына елеулі үлесі, клиенттердің және серіктестердің сенімі туралы дәлелдейді". Біз өз кезегінде біздің жұмыс байқалмай қалмайтынын мақтаныш тұтамыз және біздің іскерлік қызмет болашақта да үлгілі болып қалуына ары қарай күш саламыз.
Конференциялардың ашылу маусымы
Біздің компания аударма қызметінің жеткізушісі ретінде барлық Қазақстан бойынша бірқатар тамаша шараларға қатысады. Біз өзіміздің құрметті тапсырыс етушілерімізге 2017 ж. бастап ілеспе аудармаға арналған жабдықты жалға беруді ұсынатынымыз жайлы, сонымен қатар іс-шараларға қосымша қызмет көрсететініміз туралы еске салуды жөн көрдік (техникалық мамандардың қызметтері және хостес, қонақтарды күтіп алу және т.б.). Біздің баға мен сапа ара салмағы әуелдегідей нарықта ең үздік және біз сізідің іс-шараңыздың сәттілігіне өз үлесімізді қосуға қуанышты боламыз!
Құрметті серіктестер мен тапсырыс берушілер!
Біз сіздермен қуанышты жаңалықпен бөлісуге асығыспыз, 2018 жылдың наурызында, біздің компания сапа менеджменті жүйесі бойынша ISO 9001: 2015 сертификаттаудан сәтті өтті. Intertek компаниясымен өткізілген аудит, біздің компания яғни, сапа стандарттарына сәйкес және үнемі өз қызметін жақсарту жұмысын жүргізетінің растады. Осылайша, біздің компания ойыншылардың аударма нарықтың бірі болып табылады, ол іс жүзінде және көпжылдық сапа стандарттарының ұстанымын дәлелдеді. Сертификаттаудан өту және жаңа стандарт ISO 9001:2015 көшу – бұл біздің аудармашылар командасы үшін алға қойылған маңызды қадам
Цифровизациялау бойынша семинардың ілеспе аудармасы
Ақпан айының басында күн тәртібіне енгізілген ең өзекті мәселелердің арқасында көпшіліктің назарын аударған, Алматы қаласында өткен Digitalization Forum көпшіліке тарап кеткені құпия емес. Осындай күн тәртібіндегі тармақтардың маңыздыларының бірі мамандарды оқыту болды, онымен «сандық» тақырып бойынша әлемнің жетекші сарапшысы – «Гартнер» компаниясының вице-президенті Андреа Ди Майо мырза айналысты. Бірнеше сағаттар бойы біздің ілеспе аудармашылар сансыз семинар тыңдаушыларына белгілі сарапшының әрбір сөзін қағып алып, мағынасын дәл жеткізу үшін еңбек етті. Біз үшін бұл тапсырыс өзіміздің кәсіпкерлігімізді тексеріп және аудармашылық беделімізді дәлелдейтін жауапты емтиханмен барабар болды. Тапсырыс берушілерімізге білдірген сенімділігіңіз үшін алғысымызды білдіреміз!
Жаңа жылдық құттықтау
Құрметті серіктестер мен достар!
Мереке кезінде біз барлығымыз жыл бойы атқарған жұмысымызды еске түсіріп, Сізге ынтымақтастық үшін және Сіздің арқаңызда осы жыл ұмытылмас жыл болғаны үшін алғысымызды білдіреміз.
Біз Сіздің бизнесіңізге жоғары сапалы қызметтерді ұсына отырып, Сіздің жұмысыңызды неғұрлым тиімді жасауға әрі қарай ұмтыламыз.
Translators Group командасы Сізге бақытты Жаңа жыл тілейді!
ҚАЖҚ жұмыскерлеріне арналған семинар
2017 ж. қараша айында біздің кәсіби аудармашылар командасы Алматы облысындағы қатаң режимді колонияда ҚАЖҚ жұмыскерлеріне арналған семинарды өткізу кезінде жұмыс істеді. Колония қызметкерлерінен тұратын аудитория семинардың мазмұнын, сондай-ақ аудармашылардың жұмысын өте жоғары бағалады. Сондай-ақ, біз өткізу орнын жабдықтың толық жиынтығымен қамтамасыз еткенімізді, сонымен қатар тасымалдау мен баптау қамын ретке келтіргенімізді мақтан тұтамыз. Біз жұмысымыз қоғамға пайда әкелетіндігіне қуаныштымыз!
Қазақстан Халықтары ассамблеясының қатысуымен өткен Халықаралық Конференция.
22 - 23 қыркүйекте біздің компания Алматы қаласында өткен бітімгершілікке арналған халықаралық конференция үшін ілеспе аударманы жүзеге асырып шықты. Осы жылы конференция UNESCOның қорғауымен және Қазақстан Халықтары ассамблеясының белсенді қатысуымен өтті. Осы конференцияның өзектілігі әлемдегі болып жатқан әскери –саяси ахуал аясында үдетіледі және біз соғысы жоқ әлемді насихаттауда өзіміздің шағын үлесімізді қосуға қуаныштымыз.
Тренинг 12.07.2017 ж.
2017.12.07 біздің синхронды аудармашыларымыз Халықаралық түрме реформасы, ЮНИСЕФ және Қазақстан Республикасындағы бала құқығы бойынша уәкілетті ұйымдастырған тренинг курстарында 2 күн бойы жұмыс істеді. Бұл тренинг интерактивті түрде жүргізілгендіктен біздің мамандарымыздан өздерінің білімдерін пайдаланып, шыдамдылығы мен келістілігін көрсете білулерін қажет етті. Бізге берілген мүмкіндік пен жағымды кері байланыс үшін ризашылығымызды білдіреміз!