Жаңалықтар

10 Шілде 2017 г.

Danish Interpretation System

2017.19.06 биылғы жылдан бастап біздің компанияның синхронды аударма қызметтерін ұсынумен ғана емес, әлемге әйгілі еуропалық өндіруші "Danish Interpretation System"-нің жабдықтарын жалға берумен де айналысатынын естеріңізге саламыз. Іс-шараларды кешенді жабдықтау қызметтерінің бағасы қатысушылар мен аудармашылардың санына, үй-жайлардың ерекшеліктеріне және басқа да факторларға байланысты есептелінеді. 

DIS  конференц-жүйелерінің негізгі элементтеріне келесі жабдықтар кіреді: микрофон пульттары, орталық блок (микрофон пульттарын басқаруды қамтамасыз етеді және дыбыс ағындарын таратады, 19 дюймдік бағанаға орнатылады), синхронды аудару жүйесі (сымдық немесе сымсыз, синхронды аудармашының синхронды аудармасының делегаттарға жеткізілуін қамтамасыз етеді). Сонымен қатар біз сұрау бойынша дыбыс жүйелерін, LED-экрандарын, интерактивтік панельдер мен көптеген басқа да заттарды ұсынамыз.

 

                                                                      

01 Сәуір 2017 г.

KazService-2017

2017 жылдың наурыз айында біздің синхроншы аудармашылар  кезекті түрде мұнай қызметі индустриясындағы шетелдік және отандық  қызметкерлер арасында өзара түсінісуді қамтамасыздандырды. Кезекті ҚР қызмет көрсету компаниялар одағының конференциясы мүлтіксіз өтуі үшін, арнайы қонақжай – Атырау қаласына жолға шықтық. Шынымен, "KazService-2017" әртүрлі елдердің өкілдерінен көптеген оң баға алды және біз өз тарапымыздан сенім білдіргені үшін ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз.

 

Біздің аудармашыларымыз Weatherford компанияның өкілі таныстырған «Мұнайдың берілуін арттыруға арналған плунжер-лифт жүйесі» тақырыбы бойынша Мұнайшы-инженерлер қоғамының Алматы секциясының дәрісі үшін синхронды аударманы қамтамасыз еттік. Осындай дәрістердің өткізілуі мұнайшы-инженерлердің жергілікті бірлестігінің дәстүріне айналды және білімді байытуға, қазақстандық және шетелдік сарапшылармен қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы соңғы технологиялар туралы пікір алмасуға мүмкіндік береді. Өз кезегіне, біздің компаниямыз мұнайшылармен бұрыннан бері келе жатқан жылы қатынастарды мақтан тұтады және оларға сенімі мен ынтымақтастығы үшін өз алғыс білдіреді!

 

14 Ақпан 2017 г.

B2B Travel & MICE 2017

Біздің компаниямыз ақпан айында, Ritz Carlton Almaty мейманханасында болып өткен luxury-туризм саласындағы B2B Travel & MICE көрнекті іс-шарасына тағы да қатысты. Біз туристік нарықтың ойыншыларының екіжақты кездесулері үшін бірізді аударма қызметтерін көрсеттік және түрлі елдердің өкілдері арасындағы түсінікті қамтамасыз еттік.

 

    

2016 жылдың 16 қыркүйегінде 4 үздік ілеспе аудармашыдан тұратын біздің команда мұнай және газ саласындағы маңызды іс-шараны - Бұрғылау жөніндегі 2-ші қазақстандық дөңгелек үстелді аудармамен қамтамасыз етті. Дөңгелек үстелдің демеушілері "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, Baker Hughes пен Weatherford болды. Біз нақты уақыт тәртіптемесіндегі бұрғылау және геонавигациялар сияқты тақырыптар бойынша дәл әрі мінсіз техникалық аударманы қамтамасыз етуге қуанышты болдық. 

 

"Translators Group" ЖШС, 2016 жылғы 7-11 қыркүйек аралығында Алматы қаласында болып өткен «Орталық Азиядағы зілзалалар және олардың қатері туралы ғылым» конференциясын өткізу үшін аударманы қамтамасыз етті. Біздің командамыз конференцияның серпінді ырғағын тамаша сүйемелдеді және халықаралық сарапшылардың қымбат уақытын жоғалтпастан пікір алмаса алуы үшін жағдай жасады.

Ұйымдастырушы - Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорына сенім және ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз.

 

      

Біздің компаниямыз – Translators Group, 2016 жылғы 7-8 қыркүйек аралығында Алматы қаласында болып өткен ЮНЕСКО Азия-Тынық мұхит клубтары мен қауымдастықтары федерациясының Жыл сайынғы сессиясын өткізу үшін синхрондық аударма қызметтерін көрсетті. Жапония, Корея, Қытай, Ресей, Мальдив аралдары, Вьетнам, Филиппиндер, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты және тағы басқа елдерден келген делегаттар үшін тілдік кедергіні еңсеру мақсатында 2 күн бойы бар күшімізді салдық.

Біз ұйымдастырушыларға сенімі және ынтымақтастыққа адалдығы үшін алғыс білдіреміз.

 

     

Осы аптада біздің аудармашыларымыздың командасы 12 сәуірде Ritz Carlton -Almaty  мейманханасында өткен Luxury Travel саласындағы ірі халықаралық іс-шарасы үшін ауызша аударманы қамтамасыз етті.  Таңертең ертемен және кеш батқанға дейін біздің кәсіпқойлар іс-шараға қатысушыларға өзара түсіністікті жақсартуға және тілдік кедергілерден жеңіл өтуге көмектесті. Қазақстандық және шет елдік қонақтар мен қатысушылар аудармашылардың жұмыстарына аса риза болды, ал біз өз кезегімізде әрі қарай біздің құрметті тапсырыс берушілеріміздің көңілдерінен шығып, күткендерінен де жақсы сапа көрсетуге қуанышты екенімізді білдіреміз. 

Біздің компания - "New Desk Media" лондондық баспасы "Invest in Kazakhstan" журналын аудару үшін, кезекті мәрте Translators Group ЖШС таңдағаны туралы жаңалығымен бөлісуге қуанышты. Бұл баспа 2016 жылғы 25-26 мамырында болатын Астаналық IX экономикалық форумының ресми жариялымы болып табылады. Біз өзіміздің осындай айтулы оқиғаға  қатыстығымызбен мақтанамыз, ал біздің аудармашылар командасы мінсіз аудармаларды орындауға бар күш жігерін салады! 

2016 ж. ақпан айының соңында  біздің компания "Intertek" компаниясының қадағалау аудитынен сәтті өтіп,  олар өз кезегінде біздің сапа стандартының айнымастығын растады. Translators Group  командасы,- сапа бойынша талаптарды  қадағалауды  өз жұмысының  басымды міндеттерінің  бірі деп есептейді. Біз өзіміздің тапсырыс берушілеріміздің арасында жиі сауалнама жүргіземіз және қазіргі таңда, біздің аудармаларымыздың, жалпы қызметтердің, жылдамдығы мен өз қазметкерлеріміздің өзара әрекеттестігі аясында  қанағанарлық деңгейіміздің ең жоғары деңгейін ерекшелейміз.