2017.19.06 биылғы жылдан бастап біздің компанияның синхронды аударма қызметтерін ұсынумен ғана емес, әлемге әйгілі еуропалық өндіруші "Danish Interpretation System"-нің жабдықтарын жалға берумен де айналысатынын естеріңізге саламыз. Іс-шараларды кешенді жабдықтау қызметтерінің бағасы қатысушылар мен аудармашылардың санына, үй-жайлардың ерекшеліктеріне және басқа да факторларға байланысты есептелінеді.
DIS конференц-жүйелерінің негізгі элементтеріне келесі жабдықтар кіреді: микрофон пульттары, орталық блок (микрофон пульттарын басқаруды қамтамасыз етеді және дыбыс ағындарын таратады, 19 дюймдік бағанаға орнатылады), синхронды аудару жүйесі (сымдық немесе сымсыз, синхронды аудармашының синхронды аудармасының делегаттарға жеткізілуін қамтамасыз етеді). Сонымен қатар біз сұрау бойынша дыбыс жүйелерін, LED-экрандарын, интерактивтік панельдер мен көптеген басқа да заттарды ұсынамыз.