Дүйсенбi, 09 Желтоқсан 2019 11:39

Дөңгелек үстел: «Компьютерлік лингвистикадағы қазақ тілі»

Алматы қаласында, 2019 жылғы 9 желтоқсанда, тілдік тілдік технологияларға қызығушылығы бар тұлғаларға алғаш рет«Компьютерлік лингвистикадағы қазақ тілі» Дөңгелек үстелі  болып өтті.  Іс-шараның ұйымдастырушысы , audaru.com ағылшын-қазақ тілі сөздігін жасаумен айналысатын «Translators Group» ЖШС аудармалар бюросы болды. Іс-шараның модераторы қазақ халқы дәстүрлері бойынша еңбектерінің авторы, танымал журналист және қазақтанушы Бердалы Оспан болды.  Өз сөзінде ол, қазақ тілінің ғылым тілі болуына барлық мүмкіншілікке ие екендігін, сонымен қатар, дөңгелек үстелдің аудармасыз, мемлекеттік тілде өткізілгендігін атап өтті.  Казақ тілін және латын әліпбиіне көшуді, NLP, тілдік технологияларды назарға ала отырып, Қазақстандағы компьютерлік лингвистикаға байланысты көкейкесті мәселелер бойынша пікірталас жүргізу болды. Іс-шараның басты спикері, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ақпараттық технологиялар факультетінің өкілі және отандық компьютерлік лингвистиканы дамыту қайнар көзінде тұрған, профессор, У.А.Тукеев болды. 

                               

                              

Осы категориядағы басқа материалдар: « Zhetysu Invest Forum - 2019 ЕҚҚДБ-дан құрмет марапаты. »