Жұма, 30 Сәуір 2021 07:26

Біздің компания, ЖШС «Translators Group» өткен жылдың қорытындысын шығарды: дәл осы 2020 жыл біздің сала үшін үлкен өзгеріс әкелді.

   Біздің команда пандемия кезінде қызметкерлер мен тапсырыс берушілерді қауіпсіздендіру үшін барлық жағдайды жасады, сонымен қатар, біз ҚР бас санитарлық дәрігерінің ұсынымдарына сәйкес зақымданудан қорғауды қаматамасыз ету бойынша ең қатаң шараларды енгіздік, мекемеге кіру шектелді және барлық қызметтер барынша онлайн режимге ауыстырылды. Бұдан басқа, 2020 жылдың наурыз-мамыр айларында бизнес орталықтардың жабылу кезеңінде, біздің компания жеке мекеменің болғанына және дамыған АҚ  инфрақұрылымының арқасында ары қарай өз жұмысын жалғастырды. Әрине, пандемия нәтижесінде орын алған дағдарыс еліміздің экономикасына, сондай-ақ ШОБ саласына әсер етпеуі  мүмкін емес. Алайда, біздің команда қызмет көрсету сапасын арттыруға, әсіресе SDL Trados қолдану және сапаны бақылау тұрғысынан күш-жігерін жұмылдыруға бел буды. Бұл шаралар пандемия басталғаннан бір жыл өткен соң өз нәтижесін берді, біздің компания ірі операторлардың мердігерлерімен қызмет көрсетуге бірқатар ұзақ мерзімді келісімдер жасасты және де біз  2021 жылда аударма командамызды кеңейтіп,нарықтық ұстанымымызды күшейтуді жоспарлап отырмыз.