Бізге аударманың сапалық деңгейін қалай қолдап отырасыздар деген сұрақ жиі түсіп отырады. Осы бір маңызды мәселенің мән-жайын түсіндіретін орайлы сәтті пайдалана кетейік деп шештік. Сонымен, Компаниядағы сапаны бақылаудың негізгі әдістері автоматтандырылған операцияларға және редактордың/түзетушінің қатысуымен орындалатын операцияларға бөлінеді.
СБ автоматтандырылған аспаптарына аудармадағы қателерді, сәйкессіздіктер мен ауытқуларды анықтауға, сол не өзге терминнің екі түрлі аударылған жерлерін табуға мүмкін беретін бағдарламалық қамту жатады. Мұндай аспаптар SDL Trados, Memsource немесе memoQ бағдарламаларындағы сапаны тексеру модулі түрінде қоса орнатылған болуы мүмкін немесе жеке БҚ (Verifica, Xbench және т.б.) түрінде болып отыруы мүмкін. Дегенмен аудармашылардың жұмысының сапасын бақылаудың автоматтандырылған аспаптары стилистикалық кемшіліктерді байқап, сондай-ақ машина көре алмайтын сәйкессіздіктерді анықтайтын редакторды алмастыра алмайды.
Сол себептен Компаниямыздағы аудармалар алдымен келесі процестен өтіп отырады:
- Мәтінді аударуға дайындау, бұл процесс келесі шараларды қамтиды: форматтандыру, артынан аударма жадысының бағдарламасына жүктеу үшін машинамен оқылатындай форматқа айналдыру, 1-де -1 етіп түптеу;
- Жоба бойынша терминдерді іздеу және глоссарий әзірлеу;
- аталған салада 5 жылдан артық тәжірибеге ие, тестілеу және сауалнама алудың нәтижелері бойынша іріктеп алынған аудармашылардың күшімен аудару;
- дайын аударманы сапасын бақылау модульдері арқылы өткізу және түпкілікті мәтінді редактордың/түзетушінің қарауы.
Белгіленген стандарттардың арқасында біздің аудармалар бойынша KPI нәтижелері сапа және аударманың орындалу мерзімі деген негізгі критерийлер бойынша 98-100 % құрады. Бұл жағдайда автоматтандырылған бақылаудың арқасында біз б.а. «адами факторға» жол бермей және қайталанғыш міндеттерді жылдам орындай алатын боламыз.