Бейсенбі, 14 Сәуір 2016 08:01

Luxury – іс-шарасы үшін аударманың жоғары стандарттары

Осы аптада біздің аудармашыларымыздың командасы 12 сәуірде Ritz Carlton -Almaty  мейманханасында өткен Luxury Travel саласындағы ірі халықаралық іс-шарасы үшін ауызша аударманы қамтамасыз етті.  Таңертең ертемен және кеш батқанға дейін біздің кәсіпқойлар іс-шараға қатысушыларға өзара түсіністікті жақсартуға және тілдік кедергілерден жеңіл өтуге көмектесті. Қазақстандық және шет елдік қонақтар мен қатысушылар аудармашылардың жұмыстарына аса риза болды, ал біз өз кезегімізде әрі қарай біздің құрметті тапсырыс берушілеріміздің көңілдерінен шығып, күткендерінен де жақсы сапа көрсетуге қуанышты екенімізді білдіреміз.