Сейсенбі, 20 Қыркүйек 2016 11:53

Бұрғылау жөніндегі 2-ші қазақстандық дөңгелек үстел үшін ілеспе аударма

2016 жылдың 16 қыркүйегінде 4 үздік ілеспе аудармашыдан тұратын біздің команда мұнай және газ саласындағы маңызды іс-шараны - Бұрғылау жөніндегі 2-ші қазақстандық дөңгелек үстелді аудармамен қамтамасыз етті. Дөңгелек үстелдің демеушілері "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, Baker Hughes пен Weatherford болды. Біз нақты уақыт тәртіптемесіндегі бұрғылау және геонавигациялар сияқты тақырыптар бойынша дәл әрі мінсіз техникалық аударманы қамтамасыз етуге қуанышты болдық.