Қызметтер

Жазбаша аударма қызметтері

Translators Group компаниясымен әріптестік жасау Сізге біздің арнайы техникалық терминологиямен (мұнай және газ, АТ, машина жасау, телекоммуникациялар және т.б.) жұмыс істеу тәжірибесіне ие білікті және кәсіби жазбаша аудармашыларымыздың аударма қызметтерін алуға мүмкіндік береді.

Біз ТМД елдерінің тілдеріне (әзірбайжан тілінен бастап өзбек тіліне дейін) барлық еуропалық және негізгі азиялық тілдерді (жапон, қытай, корей тілі және т.б.) аударамыз.

Ауызша және синхронды аударма

Біздің тәжірибелі және кәсіпқой ауызша аудармашыларымыз – бұл көптеген конференциялардың сәтті өтуінің кепілі. Лингвистикалық дағдылармен қатар олар мәдени аспектілерді де түсініп отырады және аударма жасау кезінде хабарламаның бүкіл мән-мәтінін біртұтас түрінде жеткізеді.

Түзету және редакциялау 

Біз Сіздің құжаттарыңызды жариялау не шығарудың алдында мәтіндерді түзету және редакциялау қызметтерін пайдалануды ұсынамыз.

Біздің түзетушілер Сіздің мәтініңізді онда қате басулардың, орфографиялық, грамматикалық, мағыналық қателердің бар-жоғына қатысты тексеріп, стилистикасын жақсартып және мәтіндегі кез келген дәлсіздіктерді түзетіп шығуға көмектеседі.

Біздің Translators Group компаниясы аудармаларды сіздің талаптарыңызға сәйкес орындап береді және Сізге бүкіл әлеммен кез келген тілде байланысуға көмектеседі!