Жаңалықтар
Жаңа жыл, аудармашыларға жаңа сын – қатерлер!
Осы жылы біздің компания біліктілігі жоғары ауызша аудармашылардың қатысуын талап ететін ірі конференциялар мен іс – шараларға қатысуды максимумға дейін жеткізуді жоспалауда. Себебі ісіміздің барлық мәні осыған қортылған – кәсібінің жаңа сын – қатерлерінен қорықпайтын жоғары санатты аудармашы болу! Сондықтан біз жақын арада қызметтер қатарына ағылшын – сыйла тілдік жұпты қостық. Айтпақшы, осы қызметтердің тапсырыс берушісі БҰҰ Әйелдері ұйымы болды. Жағдайды пайдалана отырып, тапсырыс берушілерімізге сенімдеріңіз үшін және ұзақ уақыттан бері серіктестік қатынаста келе жатқандырыңыз үшін алғысымызды білдіреміз және барлықтарыңызға нәтижелі жаңа жыл тілейміз!
Біздің компания 2022 ж. 26-28 қазанында Түркістан қ. өткен ірі халықаралық ауқымдағы оқиға - Қасиетті мұра, киелі орындар және тұрақты туризм жөніндегі конференцияға арнап аударма қызметтерін қамтамасыз етудің жоғары құрметіне ие болды. Біздің команда ағылшын, қазақ, орыс, түрік, өзбек және әзірбайжан тілдерінен синхронды және бірізді аударманы қамтамасыз етті. Аталған конференцияға әлемнің түкпір-түкпірінен 400 делегат жиналды, сол арқылы ол өзінің аймақтық ауқымдағы оқиға ретіндегі мәртебесін растады. Конференцияны ұйымдастырушы ретінде ЮНЕСКО қорының дін саласындағы мәдени мұра бойынша бастамасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі шықты.
Жуырда біздің audaru.com электронды сөздігін кеңейту жұмысын жүргізіп жатқан командамыз ірі өңірлік хабта акселерациялау конкурсынан өтті. Акселерацияға қатысудың арқасында біз өнімді нарықтың талаптарына қарай бейімдеп, жетекшілермен кездесіп, инвестицияларды тарту ептіліктерін үйреніп және жалпы алғанда анағұрлым сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнімді жасап шығара аламыз.
Бізге аударманың сапалық деңгейін қалай қолдап отырасыздар деген сұрақ жиі түсіп отырады. Осы бір маңызды мәселенің мән-жайын түсіндіретін орайлы сәтті пайдалана кетейік деп шештік. Сонымен, Компаниядағы сапаны бақылаудың негізгі әдістері автоматтандырылған операцияларға және редактордың/түзетушінің қатысуымен орындалатын операцияларға бөлінеді.
СБ автоматтандырылған аспаптарына аудармадағы қателерді, сәйкессіздіктер мен ауытқуларды анықтауға, сол не өзге терминнің екі түрлі аударылған жерлерін табуға мүмкін беретін бағдарламалық қамту жатады. Мұндай аспаптар SDL Trados, Memsource немесе memoQ бағдарламаларындағы сапаны тексеру модулі түрінде қоса орнатылған болуы мүмкін немесе жеке БҚ (Verifica, Xbench және т.б.) түрінде болып отыруы мүмкін. Дегенмен аудармашылардың жұмысының сапасын бақылаудың автоматтандырылған аспаптары стилистикалық кемшіліктерді байқап, сондай-ақ машина көре алмайтын сәйкессіздіктерді анықтайтын редакторды алмастыра алмайды.
Сол себептен Компаниямыздағы аудармалар алдымен келесі процестен өтіп отырады:
- Мәтінді аударуға дайындау, бұл процесс келесі шараларды қамтиды: форматтандыру, артынан аударма жадысының бағдарламасына жүктеу үшін машинамен оқылатындай форматқа айналдыру, 1-де -1 етіп түптеу;
- Жоба бойынша терминдерді іздеу және глоссарий әзірлеу;
- аталған салада 5 жылдан артық тәжірибеге ие, тестілеу және сауалнама алудың нәтижелері бойынша іріктеп алынған аудармашылардың күшімен аудару;
- дайын аударманы сапасын бақылау модульдері арқылы өткізу және түпкілікті мәтінді редактордың/түзетушінің қарауы.
Белгіленген стандарттардың арқасында біздің аудармалар бойынша KPI нәтижелері сапа және аударманың орындалу мерзімі деген негізгі критерийлер бойынша 98-100 % құрады. Бұл жағдайда автоматтандырылған бақылаудың арқасында біз б.а. «адами факторға» жол бермей және қайталанғыш міндеттерді жылдам орындай алатын боламыз.
"Translators Group" ЖШС 14.01.2022 ж.-дан бастап жұмысын жандандырады.
Құрметті серіктестер, біздің компания 2022 жылдың 14 қаңтарынан бастап жұмысын жандандырғанын қуана хабарлайды. Компанияның жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма күндері аралығында, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін. Сіздермен кеңсемізде кездесуге, сондай-ақ тапсырыстарыңызды онлайн қабылдауға дайынбыз. Құрметпен, "Translators Group" командасы
Біздің компания, ЖШС «Translators Group» өткен жылдың қорытындысын шығарды: дәл осы 2020 жыл біздің сала үшін үлкен өзгеріс әкелді.
Біздің команда пандемия кезінде қызметкерлер мен тапсырыс берушілерді қауіпсіздендіру үшін барлық жағдайды жасады, сонымен қатар, біз ҚР бас санитарлық дәрігерінің ұсынымдарына сәйкес зақымданудан қорғауды қаматамасыз ету бойынша ең қатаң шараларды енгіздік, мекемеге кіру шектелді және барлық қызметтер барынша онлайн режимге ауыстырылды. Бұдан басқа, 2020 жылдың наурыз-мамыр айларында бизнес орталықтардың жабылу кезеңінде, біздің компания жеке мекеменің болғанына және дамыған АҚ инфрақұрылымының арқасында ары қарай өз жұмысын жалғастырды. Әрине, пандемия нәтижесінде орын алған дағдарыс еліміздің экономикасына, сондай-ақ ШОБ саласына әсер етпеуі мүмкін емес. Алайда, біздің команда қызмет көрсету сапасын арттыруға, әсіресе SDL Trados қолдану және сапаны бақылау тұрғысынан күш-жігерін жұмылдыруға бел буды. Бұл шаралар пандемия басталғаннан бір жыл өткен соң өз нәтижесін берді, біздің компания ірі операторлардың мердігерлерімен қызмет көрсетуге бірқатар ұзақ мерзімді келісімдер жасасты және де біз 2021 жылда аударма командамызды кеңейтіп,нарықтық ұстанымымызды күшейтуді жоспарлап отырмыз.
Сапа менеджменті жүйесі-бақылау аудиті.
Біз серіктестерімізге, достарымызға және әріптестерімізге 2021 жылы ақпан айында ИСО 9001:2015 стандарты бойынша қайта сертификаттаудан сәтті өткенімізді хабарлауға қуаныштымыз. Біздің компания сапаға беріктілігін, этикалық нормалардың, заң талаптарының және аударма саласындағы стандартқа сай екендігін көрсетеді. Өткізілген аудитке сәйкес, біздің компания аударма қызметі үшін ұсынылатын СМЖ талаптарына сәйкес келеді. Сонымен қатар, 2015 жылдан бастап, соңғы алты жыл ішінде біз СМЖ-ны жұмыс жағдайында қолданамыз және алдағы бір жылға берілетін көрсеткіштерді орындап немесе асыра орындап тырамыз.Бұл бізге ең үздік 5 көшбасшы компанияның қатарында қалуға мүмкіндік береді.
Рождество мейрамы құтты болсын!
Тапсырыс берушілерімізді, серіктестерімізді және аудармашыларымызды 25-ші желтоқсанда барлық католиктермен атап өтілетін нұр шашқан Рождество мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Бүкіл әлем пандемияға дұшар болса да, бұл мейрам сонда да ғажап пен жақсылықты күтуді білдіреді! Отбасыларыңызға амандық, барлық үміттеріңіз ақталсын деп тілейміз!
2021 жылға келісім-шарттарды жасау.
Біздің компания аударма қызметін ұсынуға арналған келісім-шарттарды жасауға өтінімдерді 2020 жылдың 31 желтоқсанға дейін қабылдауды жариялайды. Осы жылы келісім-шарт жасаған жағдайда, сіз жоғарғы сапалы қызметті кезексіз алуға, барлық аудармаларыңызды біздің қорғалған серверлерімізде 3 жыл бойы ақысыз сақтауға және олардың көшірмелерін сұрау бойынша алуға, біздің барлық қызметтерімізге кепілдік алуға, сіздің салаңыздағы терминдердің глоссарийлерін алуға және басқа да мімкіндіктерге ие бола аласыз. Осыған қоса, 2021 жылы бізбен келісім-шарт жасаған клиенттерімізге ғана акция және жеңілдіктерді ұсынатын боламыз. Сондықтан Жаңа жылда біздің аудармашылар командасымен бірге бизнестегі жаңа жетістіктерге жетуге дайын боласыз!
Қалыпты жұмысқа оралу
Құрметті серіктестер! Біздің компания өзінің қалыпты жұмыс кестесіне оралғанын хабарлаймыз. Сонымен бірге, біз COVID-19 эпидемиясына байланысты кейбір шараларды ұсындық. Мысалы, біз барлық келушілерден кеңсеге келгеннен кейін бетперде киіп, қол антисептиктін қолдануды сұраймыз. Біз сондай-ақ байланыс мәліметтерін сұраймыз, келу күні мен уақытын журналға жазамыз. Біз қабылдаған шаралар сіздің қауіпсіздігіңізге және денсаулығыңызға пайдалы әсер етеді деп сенеміз.
Iзгi құрметпен,
Translators Group ЖШС тобы