Жаңалықтар
«Бағаны есептеу» қызметi
Біздің компаниямыз, жайлылық сезімін көбірек және ыңғайсыздық сезімін азырақ сезінуіңіз үшін қолдан келгеннің барлығын жасайды, сондай-ақ аударманың бағасын онлайн тәртібінде есептеу қызметін іске қосады. Аударманың бір бетінің бағасын «Бағаны есептеу» бөліміндегі арнайы калькулятордың көмегімен есептеуге болады. Бұл үшін түпнұсқа мен аударма тілін таңдап, қажетті құжаттарды қосуыңыз керек, осылайша калькулятор енгізілген деректердің негізінде, таңдалған құжаттарды аударудың қорытынды бағасын көрсетеді. Содан кейін сіз аудармаға онлайн тәртібінде өтінім бере аласыз, ал біздің командамыз сізбен ең қысқа мерзімнің ішінде хабарласатын болады.
"Стандартты аудармалар"
Осындай күрделі кезеңде өзіміздің тапсырыскерлерімізді қолдау мақсатында, біз (EN-RUS, RUS-EN) бағытының бір бетін аудару құны – 1800 теңгеден, сондай-ақ қазақ тілінен және қазақ тіліне (KZ-RUS, RUS-KZ) бір бетті аудару құны – 1500 теңгеден басталатын "Стандартты аудармалар" жаңа қызметін іске қосудамыз.
Бұл қызмет MS Word, Excel, Powerpoint пішімдеріндегі стандартты құжаттармен (келісім-шарттар, сертификаттар, анықтамалар, үзінді көшірмелер, іскерлік хат-хабар және т.б.) жұмыс істейтін компаниялар үшін көкейтесті болады.
Қазіргі жағдайда сіздің бизнесіңіздің табысты түрде дамуына өз үлесімізді қоса аламыз деген үміттеміз.
СТ РК ИСО 9001-2009 (ISO 9001:2008) сертификаты
Біз барлық тапсырыс берушілерімізге осы айда біздің компания ҚР СТ ИСО 9001-2009 (ISO 9001:2008) стандартына сәйкестік бойынша сертификациялық аудиттен табысты өткенін қуана хабарлаймыз.
Сертификаттауды «Intertek Moody International» компаниясы жүргізген, ол 1911 жылдан бері техникалық инспекция және сертификаттау қызметтері саласында әлемдік көшбасшы болып табылады. «Intertek Moody International» - бұл әйгілілік және озық сапа есебінен жоғары бедел.
Сертификаттаудан өтуге шешім қабылдау арқылы біз өзімізді қызмет көрсету саласында ғана емес, сапа менеджменті саласында да өсіп, дамып келе жатқан бәсекеге қабілетті компания ретінде көрсетеміз.
Наурыз құтты болсын!
“Translators group” ЖШС өзінің барлық серіктестерін көктемнің тамаша мерекесі – Наурызбен құттықтайды. Осы жарқын мереке үйлеріңізге көктемгі көңіл-күй, жомарт дастархан және бақыт әкелсін! Біз сіздерге жақсылық, молшылық, береке және жарқын болашақ тілейміз!
«Қала ортасындағы қазақ тілі» тақырыбындағы дөңгелек үстел
«Translators Group» компаниясының өкілдері заманауи қазақ тілі мәселелеріне арналған «Қала ортасындағы қазақ тілі» тақырыбындағы дөңгелек үстел бағдарламасына, оның визуалды ақпарат және электронды БАҚ тұсаукесеріне қатысты. Шараның ұйымдастырушысы филология ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынов атындағы тілтану институтының АҒҚ Анар Фазылжанова өнертанушы «Мэлс Ержанов» жеке қорының директоры Земфира Ержанмен бірге БАҚ-дағы қазақ тілі мәселесін зерттеді. Компания қазақ тіліне аудару мәселелерінің шешімін табу бойынша және аударма деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін шаралар дайындау турады құрылымдық ұсыныстарын ұсынған.
Акция Translators Group
Уважаемые партнеры!
Хорошие новости от Translators Group: только в феврале мы предлагаем скидку свыше 25 % на устный и синхронный перевод!
Доверяйте только точным переводам от профессионалов и воспользуйтесь нашим февральским предложением уже сегодня.
С уважением,
Коллектив ТОО “Translators Group”
Тәуелсіздік Күні
Құрметті серіктестер! Біз Сіздерді келе жатқан Тәуелсіздік Күні мерекесімен ізгі ниетпен құттықтаймыз. Сіздердің бизнестеріңіздің өркендеүін, еңбектеріңіздің табысқа және отбасыларыңыздың бақытқа жетүіне тілектеспіз. Тапсырыс берүшілердің өтініштері бойынша, демалыс күндері жұмыс ұақыты:
16.12.13 ж. - 09.00-14.00 (жарты күн)
17.12.13 ж.- 09.00- 19.00 (толық күн)
"Translators Group" компаниясы Қазақстанның Сервистік компанияларының одағына қосылды
"Translators Group" ЖШС өзінің мұнай-газ және таукен салаларында жұмыс істейтін Сревистік компаниялар одағына енгені туралы хабарлайды. Одақты құрудағы негізгі мақсат (2011 жылы құрылған) жасалған ұсыныстарды ілгері жылжытуға деген ортақ тұрғының жоқтығымен байланысты салалық проблемаларды шешу. Биылғы жылдың 24 сәуірінде "Translators Group" компаниясы "КазНефтеСервис-2012" одағы құрған алғашқы конференцияға белсенді түрде қатысты. Техникалық аударма мен оқыту курстары саласындағы кеңес берушілер мен ақпарат көрсетілген тақшамен қатар компания сонымен қатар аталмыш шараны синхронды аудармамен қамтамасыз етті. Конференцияның нәтижесінде Одақтың жаңа қатысушылары, сондай-ақ келушілер компанияның жоғары сапалы қызметтеріне көз жеткізуге және жаңа әріптестіктің негізін қалауға мүмкіндік алды.
MemSource Editor
Біз сіздерге компаниямыздың сәуір айының басынан бастап өз жұмысында аудармалардың жады қоры, терминологияны басқару модулі (үлкен жобалардың аудармасының ұқыптылығын қамтамасыз ету үшін), сондай-ақ MemSource Editor мәтіндік редакторы қамтылған жазбаша аудармаларды орындауға арналған MemSource Cloud операциялық жүйесін қолдана бастағанын қуана хабарлаймыз.
Оған қоса, клиенттеріміздің барлық орындалған аудармалардың біздің жоғары қорғалу дәрежесіне ие деректерді сақтау орталығымызда толық сақталатынына сенімді болуына болады. ТМХ файлдарды электронды пошта арқылы жіберу мен алудың біздің аудармашыларымыз MemSource Cloud-те арнайы бөлінген аймаққа қорғалған қатынауға ие болады.