ISO 9001:2015
сертификатталған
аударма агенттігі

Бизнеске арналған
сапалы аударма қызметтері.

Біз әр сөзге сенімдіміз.

Біз тәжірибелі оқытушылармен және тіл тасымалдаушыларымен оқыту жүргіземіз.

Барлығына арналған курстар

Біз немен айналысамыз.

Translators Group аударма қызметтері нарығында 2004 жылдан бері жұмыс істейді және ауызша мен жазбаша аударма саласында үлкен тәжірибеге ие.

Конференц-аударма халықаралық іс-шараларда коммуникация саласындағы ең сұранысқа ие қызмет болып табылады. Осы салада сертификатталған біздің компаниямыз кез келген іс-шаралар мен іскерлік кездесулерді жоғары деңгейде мінсіз өткізуді қамтамасыз етеді.

Біздің қатысуымызбен конференциялар қалай өтеді.

Біздің қызметтеріміз

Біз аударма қызметтерінің толық спектрін ұсынамыз.

Біз кез келген салалық құжаттармен жұмыс жасаймыз және Еуропаның, ТМД-ның және әлемнің сирек тілдерінің барлығына аударамыз.

Ауызша аударма

Біз іскерлік кездесулер болсын, конференциялар, форумдар, семинарлар немесе халықаралық сапарларда сүйемелдеу болсын, кез келген жағдайда ауызша аударма қызметтерінің барлық түрлерін ұсынамыз.

Толығырақ

Жазбаша аударма

Біздің білікті аудармашылар аударманың ең соңғы технологияларын және салалы стандарттар мен арнайы терминологияны пайдаланып, жазбаша аударма қызметтерін көрсетеді.

Толығырақ

Сызбаларды аудару

Біз сіздердің жобарарыңыз жергілікті нормалар мен талаптарға сәйкес келуі үшін нормативтік құжаттар мен құрылыс стандарттарына сай сызбаларды аудару қызметін ұсынамыз

Толығырақ

Редакциялау

Аударылған мәтіннің түпнұсқаға контекст, дәлдік, толықтық, стилистика және тіл ережелері бойынша сәйкестігін бағалау.

Толығырақ

Нотариалды куәландыру

Аударылған құжаттарды нотариалды куәландыру олардың ресми мәртебесін қамтамасыз етеді және дұрыстығы мен дәйектілігін растайды.

Толығырақ

Компанияның мөрімен куәландыру

Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ұсыну үшін аударылған құжатты сертификатталған/алқаби аудармашының мөрімен куәландыру.

Толығырақ

Іс-шараларды ұйымдастыру

Түрлі іс-шараларда ұйымдастыру қызметтерін көрсету, қонақтарды қабылдау және сүйемелдеу. Конференциялар мен іскерлік кездесулер үшін iлеспе аударма жабдықтарын жалға алу.

Толығырақ

Лингвистикалық аудит

Ұйым ішіндегі тілдік және коммуникативті аспектілерді талдау және бағалау.

Толығырақ
Барлық қызметтер

Біздің тәсіліміз

Translators Group өз клиенттеріне жоғары сапа мен баға арақатынасын, қызметтерді жедел орындауды, келісілген сарапшылар командасын және шетелге шығу мүмкіндігін ұсынады.

100+

Әлемнің 100+ тілдеріне, соның ішінде сирек кездесетін тілдерге аударма жасау

19

Аударма қызметінің нарығында 19 жыл

500+

2004 жылдан бері Translators Group мамандарының қатысуымен өткізілген 500+ іс – шаралар мен конференциялар

Біздің артықшылықтарымыз

01

Біз халықаралық ISO стандартына сәйкес сертификатталғанбыз

Компаниямызда енгізілген сапа менеджменті жүйесі бізді Қазақстан Республикасының
лингвистикалық қызметтер нарығындағы көшбасшылардың біріне айналдырады.

02

Аударма саласындағы кәсіпқой мамандар

Компанияның мамандары 5 жылдан кем болмайтын жұмыс тәжірибесіне ие, жүйелі түрде өздерінің кәсіби деңгейін көтереді, әртүрлі тренингтер мен семинарларға барады

03

Құпиялылық басымдыққа ие.

Орындаушы мен клиент арасындағы барлық жұмыс қатынастары қатаң құпия болып табылады. Клиенттердің барлық деректері арнайы қорғалған серверлерде сақталады, бұл оларға рұқсатсыз кіруді болдырмайды.

Біз туралы көбірек.

Бізге сенеді.

Біздің қызметімізге аударма жұмыстарының жоғары сапасы талап етілетін ірі қазақстандық және шетелдік компаниялар, халықаралық корпорациялардың өкілдіктері, елшіліктер, біріккен кәсіпорындар, оқу, қайырымдылық және гуманитарлық бірлестіктер жүгінеді.

Бүгінгі таңда біздің компания Қазақстанның аударма бюроларының үздік бестігіне кіреді және еліміздің барлық аймақтарындағы мекемелерімен қызметтеседі.

Инновациялық ағылшын-қазақ терминологиялық онлайн сөздігін ұсынамыз audaru.com

Біз 30 түрлі салаларда 500 000 терминдерден тұратын бірегей мәнмәтінді ағылшын–қазақ
онлайн–сөздігін жасап шығардық.
Біздің команда осы жобамен мақтанады, себебі ол инновациялық IT-стартап ретінде
Өзбекстанда «Tumaris.Tech» IT-хабтың жетілу бағдарламасының шеңберінде конкурстық іріктеуден өтті.

Жаңалықтар

07.10.2025

Translators Group SPE Almaty Section-ның EOR техникалық семинарында синхронды аударманы қамтамасыз етті

Translators Group 2025 жылдың 7–8 қазанында Алматыда өткен SPE Almaty Section-ның мұнай өндіруді арттыру (EOR) тәсілдеріне арналған техникалық семинарында синхронды аударма (RU ⇄ EN) қамтамасыз етті. Семинар уәкілетті министрліктерді, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, Каспий аймағы операторларын, ғылыми-зерттеу институттарын, университеттерді, жабдық және химиялық реагент жеткізушілерін, технология иеленушілерін […]

18.09.2025

Translators Group – 10 жылдық KDR іс-шарасының тілдік серіктесі

Translators Group дәстүр бойынша KDR форумына тілдік қолдау көрсетті – биыл бұл оқиға ерекше болды: Kazakhstan Drilling Roundtable 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Қазақстандағы ұңғыма инженериясы бойынша жетекші алаң ретіндегі KDR – операторларды, бұрғылау және сервистік компанияларды, технология мен жабдық жеткізушілерін біріктіретін бірегей платформа. 2015 […]

12.09.2025

Translators Group – 21 жылдық табысты қызметін атап өтуде

Сертификатталған аударма бюросы Translators Group өз құрылғанына 21 жыл толғанын мерекелейді. Осы жылдар ішінде біз жүздеген мың бет мәтінді аудардық, мыңдаған сағат ауызша және синхронды аударма жасадық, халықаралық бизнестер мен жергілікті компаниялар арасында көпірлер орнаттық. Қызметтерімізде 100% қазақстандық мазмұнға қол жеткіздік, сапаны басқару жүйесі бойынша […]

Барлық жаңалықтар