Компанияның жаңалықтары

16.10.2024

Алматыда пластикалық хирургтар конгресінде аударма қызметтері

Қазанның басында Алматыда пластикалық хирургтар мен косметологтардың конгресі өтті, онда біздің компания аударма қызметтерін ұсынды. Шараға түрлі елдердің жетекші мамандары қатысып, эстетикалық медицина саласындағы тәжірибе мен жаңа идеялармен алмасты. Біз бұл маңызды диалогты қамтамасыз етіп, қатысушыларға жоғары сапалы аударма қызметін көрсете алғанымызға мақтанамыз.

13.09.2024

Астана 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындарын сәтті өткізді

2024 жылғы 8-13 қыркүйек аралығында Астана 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындарын сәтті өткізді. Бұл халықаралық шарада этникалық спорт түрлері көрсетілді. Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындары алғаш рет 2014 жылы Қырғызстанда өтті, кейінгі ойындар Шолпан-Ата қаласында ұйымдастырылды. 2022 жылы Түркияның Изник қаласында 82 елден 3 000-нан астам спортшы қатысқан […]

Мемлекеттік құжаттарды аударуға арналған жаңа уақыт нормалары бекітілді

2024 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы №331 бұйрықпен орыс тілінен мемлекеттік тілге және керісінше құжаттарды аударуға арналған саларалық уақыт нормаларын бекітті. Бұйрық 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Бұл нормалар мемлекеттік органдарда аудармашылардың еңбек қызметін реттеу […]

10.04.2024

«Kazakh Language in Context» кітабының тұсаукесері

«Translators Group» компаниясының 29 наурыз күні өткен Қанат Тасыбековтың «Kazakh language in context» туындысының тұсар кесеріне белсенді ат салысқанын мақтан тұтамыз. Осы кітаптың ағылшын тіліне аударылуын, басылып шығуын толықтай қадағалаған, компаниямыздың директоры Серикбай Индира. Осы кітапты біздің компания мемлекеттік тілді дамыту үшін өтеусіз үлес ретінде […]

01.03.2024

Translators Group ISO 9001: 2015 сапа стандартына сәйкес келеді.

2024 жылдың Наурызынды біздің команда кезекті рет аудару саласындағы сапа менеджмент жүйесінің сәйкестігіне қайта сертификаттау аудитінен өтті. Біз «Intertek» халықаралық компаниясының аудиторына қолданыстағы процестерді көрсеттік және біздің қызметіміздің бақылау процедурасынан өттік. Осылайша, біз сапа мен жоғары стандарттарға деген шынайы берілгендігімізді растадық.