Компанияның жаңалықтары

18.09.2025

Translators Group – 10 жылдық KDR іс-шарасының тілдік серіктесі

Translators Group дәстүр бойынша KDR форумына тілдік қолдау көрсетті – биыл бұл оқиға ерекше болды: Kazakhstan Drilling Roundtable 10 жылдық мерейтойын атап өтті.

Қазақстандағы ұңғыма инженериясы бойынша жетекші алаң ретіндегі KDR – операторларды, бұрғылау және сервистік компанияларды, технология мен жабдық жеткізушілерін біріктіретін бірегей платформа. 2015 жылдан бері KDR өңірдегі білім алмасудың жаңа стандарттарын қалыптастырып келеді; ал 10 жылдық мерейтой – саланың соңғы онжылдық технологиялық жетістіктеріне шолу жасап, алдағы жылдарға басымдықтарды айқындады.