Translators Group — бұл әртүрлі мақсаттарға арналған қызметтердің кең спектрі және нәтиже үшін жауапкершілік
Барлық қызметтер
Ауызша аударма
Біз іскерлік кездесулер болсын, конференциялар, форумдар, семинарлар немесе халықаралық сапарларда сүйемелдеу болсын, кез келген жағдайда ауызша аударма қызметтерінің барлық түрлерін ұсынамыз.
Біз сіздердің жобарарыңыз жергілікті нормалар мен талаптарға сәйкес келуі үшін нормативтік құжаттар мен құрылыс стандарттарына сай сызбаларды аудару қызметін ұсынамыз
Түрлі іс-шараларда ұйымдастыру қызметтерін көрсету, қонақтарды қабылдау және сүйемелдеу. Конференциялар мен іскерлік кездесулер үшін iлеспе аударма жабдықтарын жалға алу
Біздің білікті аудармашылар аударманың ең соңғы технологияларын және салалы стандарттар мен арнайы терминологияны пайдаланып, жазбаша аударма қызметтерін көрсетеді.
Аудармашылар (әр аударылған тілдік жұпқа 2 адам) спикермен бір уақытта аударып, әр 15-20 минут сайын бір-бірін алмастыратын ауызша аударма түрі. Iлеспе аударма жедел нәтиже береді және үлкен аудиторияның спикердің есебін түсінуін қамтамасыз етеді.
Әдетте iлеспе аударма конференциялар, форумдар, симпозиумдар, тренингтер үшін қажет, бұл кезде ақпаратты қысқа мерзімде кең аудиторияға басқа тілде жеткізу қажет. Iлеспе аударма құнына конференция жүйесі деп аталатын жабдықты жалға алуды қосу қажет. Мұндай аударма үстелді кабинада немесе еденді кабинада, пультпен және аударма тілін ауыстыру арналарымен, микрофондармен және құлаққаптармен жүзеге асырылады.
Iлеспе аударма кезінде жұмыстың жылдам қарқынына байланысты кейбір ақпарат жоғалады, өйткені аудармашының сөйлеуді 100% аударуға уақыты болмайды. Бұл ретте iлеспе аударманың нағыз кәсіпқой маманы өзінің даярлық дәрежесіне, сондай-ақ жұмыс процесінің алдағы жағдайларына қарамастан, аударманы барынша жоғары деңгейде жүзеге асыруға қабілетті. Ол үшін iлеспе аударма саласындағы мамандар ұзақ жылдар бойы бір мезгілде басқа тілден аудару және оны жаңғырту бойынша өз қабілеттерін жаттықтырады. Егер аудармашы іс жүзінде білікті болса, онда оның міндеттеріне контекстен тыс сөздердің мағынасын анықтау кіреді.
Аудармашылар тобының конференц-аудармасы бұл:
тексерілген iлеспе аудармашылардың үлкен базасы;
республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шаралардағы аударма;
Қазақстанның кез келген қаласына бару, шетелге шығу, ресурстарды жылдам жұмылдыру;
кең мамандану, мамандандырылған техникалық (бұрғылау, барлау және өндіру, шикізатты қайта өңдеу, тау-кен ісі, электротехника, машина жасау, іске қосу-баптау, объектілерді пайдалануға беру) аударма қызметтерін ұсыну.
Кезекті аударма.
Бұл маман сөйлеушінің сөзін үзіп-үзіп аударған кездегі ауызша аударманың бір түрі. Спикер сөйлеу кезінде аудармашыға аударманы орындауға уақыт бере отырып, сәл кідірістер жасайды. Қызметтің бұл түрі аударылатын сөйленімнің толықтығын қамтамасыз етеді, дәлірек және егжей-тегжейлі болып келеді.
Аудармашының, әдетте, спикерден түсініксіз нәрсені, мысалы, аббревиатураны сұрауға немесе нақтылауға мүмкіндігі бар. Кезекті аудармаға шағын аудиторияға тапсырыс береді - бірнеше адамнан ондаған тыңдаушыға дейін болады. Мұндай аударма баспасөз конференцияларында, келіссөздерде, объектілерге сапарларда, тауарлар мен қызметтердің презентацияларында орынды, мұндай аудармашылар аударма кезінде қысқаша жазбалар жүргізеді.
Сонымен қатар, кезекті аударма спикер мен тыңдаушыларға ойларын жинақтауға, ойлануға, жұмыстың одан әрі барысына дайындалуға мүмкіндік береді. Кезекті аударма — бұл үлкен жауапкершілік, бірақ бұл iлеспе аудармаға қарағанда аудармашы үшін стресс аздау болады.
Translators Group ұсынатын кезекті аударма бұл:
Қазақстанда БҰҰ өкілдігі сияқты халықаралық мекемелермен ұзақ мерзімді келісім – шарттардың арқасындағы аудармашылардың тұрақты тәжірибесі;
презентацияларды, мастер-кластарды, келіссөздерді аудару үшін аудармашыларды ұсыну;
біздің аудармашы сіздің командаңыздың бір бөлігіне айналады.
Шушотаж.
Iлеспе аударманың бір түрлері, сыбырлау. Негізінен, қалғандары сөйлесетін шет тілін білмейтін 1-2 тыңдаушыға аудару қажет болған жағдайда қолданылады.
Қазіргі жағдайда шушотаж көбінесе кездесулерде, келіссөздерде, дөңгелек үстелдерде, талқылауларда қолданылады, онда қалған қатысушылар тілдерді еркін біледі.
Translators Group ұсынатын қызметтің артықшылығы:
Шушотаж сізге қаражат пен уақытты үнемдеуге, іс-шараны тиімді етуге және тілдік кедергілерді жоюға мүмкіндік береді.
Іскерлік сапарларда сүйемелдеу.
Сапарларда, іссапарларда делегацияларды сүйемелдеу, әуежайларда қарсы алу. Сіздің жетістігіңіз — біздің абыройымыз, ал біз әлемдік деңгейде бизнесіңіздің жетістігін кұзетеміз. Біз сапарлар мен іссапарларда делегацияларды сүйемелдеу қызметтерін ұсынамыз, сондай-ақ тәжірибелі аудармашыларымыздың әуежайда қарсы алуын ұсынамыз.
Біздің негізгі қызметтеріміз:
Әуежайда қарсы алу. Біздің кәсіби аудармашыларымыз әу бастан жайлылық тудыра және түсіністік таныта отырып, делегацияңызды келген кезінде жылы шыраймен қарсы алады.
Іссапарларда сүйемелдеу. Біздің аудармашылар сіздің бизнес мақсаттарыңызға жетуге ықпал ететін тиімді саяхат байланысына кепілдік береді.
Кәсіби аударма. Сіздің қызмет салаңызға қарамастан, біз нақты және дәл өзара түсіністікті қамтамасыз ету үшін жоғары сапалы аударма мен интерпретацияны ұсынамыз.
Халықаралық деңгейде әріптестік. Біз сіздің бизнесіңіздің жаһандық өсуіне мүмкіндіктер жасай отырып, тілдік және мәдени кедергілерді білінбейтіндей ету қабілетімізді мақтан тұтамыз.
«Translators Group»-те біз сіздің іссапарыңызды ыңғайлы әрі сәтті ету үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырамыз.
Translators Group ұсынатын қызметтің артықшылығы:
Біздің аудармашымыз әуежайда шетелдік делегацияны қарсы алады, сапарға немесе багажға қатысты мәселелерді шешуге көмектеседі, делегаттарды қонақ үйге апарады, қажет болған жағдайда орналасқан жері туралы пайдалы ақпарат береді, ақша айырбастауға немесе банкомат табуға, қажетті заттарды сатып алуға жәрдемдеседі.
Біз конференцияға келген әртүрлі елдердің делегацияларын, сол сияқты жұлдызды коучтарды, жазушыларды, атақты адамдарды сүйемелдедік.
Жазбаша аударма
Әртүрлі тілдер мен тақырыптар бойынша мәтіндердің жазбаша аудармасы.
Мамандандырылған терминологиямен (мұнай және газ, АТ, машина жасау, телекоммуникация және т.б.) жұмыс тәжірибесі бар, кең маманданған және сапа стандарттарын жоғары деңгейде сақтай отырып, техникалық аударманы жүзеге асыратын білікті және кәсіби аудармашыларымыздан аударма қызметтері.
Аударма тілдері: еуропалық, негізгі азиялық (қытай, тай, вьетнам, малай, тагалог және т.б.), ТМД елдерінің барлық тілдері (әзірбайжан тілінен бастап өзбек тіліне дейін). Аударма процесінде біз алдымен мәтінге талдау жасаймыз, содан кейін санауды орындаймыз, файлдарды аудармаға дайындаймыз (машинада оқылатын форматқа түрлендіреміз), мәтіндерді аударма жады бағдарламасына жүктейміз (мысалы, Trados немесе memoQ), аударма жады базаларын және тақырып бойынша глоссарийлерді қосамыз, салалық стандарттар мен ережелерге сәйкес аударамыз, аударманы жүктейміз, тексереміз, пішімдеуін өзгертеміз, сақтаймыз және тапсырыс берушіге қайтарамыз. Біздің аудармаларымыздың үлгілерін мына жерден қарауға болады: Жұмыстарымыз
Translators Group-тың жазбаша аудармасы:
шетел тілдеріне аудару саласындағы стандарттар бойынша орындалған жоғары сапалы аудармалар. Біздің компаниядан аударма қызметтері ISO 9001:2015 сапа менеджменті стандарты бойынша сертификатталған, аудиторы — Intertek Moody.
арнайы серверде құжаттарды қорғалған сақтау арқасында біз өз клиенттеріміз үшін қорғаудың жоғары деңгейін және толық құпиялылықты қамтамасыз етеміз. Біздің қызметкерлерде тапсырыс берушінің құжаттамасына қол жеткізу бойынша аражігі болады.
біздің компаниямыз әдеп кодексін қолданады және сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау шараларын енгізді. Бұл біздің клиенттеріміздің қызметкерлеріне тапсырыстан % ешқашан ұсынбайтынымызды білдіреді.
Сызбалар мен жобалық
құжаттамалар аудармасы
Сызбалар мен жобалау-сметалық құжаттаманың кәсіби аудармасы.
Құрылыс пен жобалау барған сайын алуан түрлі және жаһандық сипатқа ие болып келе жатқан әлемде сызбаларды, техникалық құжаттаманы және нормативтік құжаттарды дәл түсіну табыс көзі болып табылады. «Translators Group»-та біз жобаларыңызды бүкіл әлем бойынша сәтті жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін жоғары сапалы құрылыс, сәулет және инженерлік аударма қызметтерін ұсынамыз.
Сызбалар мен техникалық құжаттаманы аудару:
Біздің тәжірибелі аудармашылар құрылыс сызбаларын, техникалық сипаттамаларды және құжаттаманы дәл және сенімді аударуға маманданған. Біз барлық маңызды техникалық деректер мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеміз.
Нормативтік құжаттар мен ҚНжЕ аудармасы:
Біз сіздердің жобаларыңыз жергілікті нормалар мен талаптарға сай болуы үшін нормативтік құжаттар мен құрылыс стандарттарының аудармасын ұсынамыз. Біз әрбір аударма еліңіздің сипаттамалары мен ережелеріне сәйкес келетініне кепілдік береміз.
Translators Group компаниясында біз сіздің іссапарыңыз жайлы және сәтті өтуі үшін әрбір детальға мән береміз.
Translators Group қызметінің артықшылықтары:
Біздің ауызша және жазбаша аудармалар жасауда үлкен тәжірибеміз бар, осы жылдар ішінде бүкіл Қазақстан бойынша 1000 аса корпоративтік клиенттерге қызметімізді көрсеттік. Соның ішінде 2018 – 2022 жж. Қашаған жобасы бойынша құжаттамалар аудармасы бойынша НКОК мердігері болдық. аударманың сапасы және уақтылы жіберілуі бойынша KPI 100% сақтау. Техникалық аударма саласындағы глоссарийлер мен аударма жадының үлкен базасы. Сызбалармен жұмыс істеуге арналған заманауи бағдарламалар.
Редакциялау
Редакциялау — бұл аударма процесінің бір бөлігі, мұнда аударылған құжаттар түпнұсқа мәтінмен салыстырылады және аударылған мәтін контекстке сәйкестігі, дәлдігі, толықтығы, стилистикасы және емле мен грамматика ережелерін сақтау бойынша толық бағаланады.
Біз редактор-корректорлар немесе ана тілінде сөйлейтіндер аударған мәтіндерді редакциялауды, сондай-ақ басып шығаруға даярлау алдында мәтіндерді түзетуді жүзеге асырамыз. Біз жұмысты тілдік жұпқа, тақырыпқа, жеделдікке, аударманың мақсатына және басқа да маңызды факторларға байланысты бағалаймыз.
Нотариалды куәландыру
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына (мысалы, ХҚКО) берілетін құжаттардың аудармасын нотариалды куәландыру міндетті талап болып табылады. Егер құжаттар қазақ немесе орыс тілінен шет тіліне аударылса, онда аударма апостильдеуді (заңдастыруды), нотариалды куәландыруды немесе сертификатталған аудармашының куәландыруын талап етуі мүмкін — бұл талаптарды құжаттарды алушы тараптың өзінен нақтылау қажет.
Нотариалды куәландыру — бұл аударылған құжатты заңды ететін рәсім: куәландыру арқылы ол заңды күшіне енеді және аударма жасалған елдің көптеген ұйымдарында қабылданады. Шын мәнінде, бұл нотариустың сертификатталған және білікті аудармашының қолын растауын білдіреді. Қолында дипломы бар аудармашылар ғана аударманың нотариалды куәландырылуында қол қоюға құқылы.
Translators Group-тан нотариалды куәландыру:
ресми құжаттармен жұмыс жасайтын «Translators Group» аудармалар бюросының барлық мамандарының дипломдары бар және Алматыда нотариалды аударма орындау құқығына ие.
біздің бюрода аударма мен құжатты растау қызметіне тапсырыс беріп, шартта көрсетілген мерзімде Сіз қолыңызға мәтіннің түпнұсқасын және аудармашының қолы бар аударылған көшірмесін аласыз, өз алдына көшірме нотариустың қолымен және мөрімен расталған болады.
бізде расталған заңды құжаттардың аудармасы Қазақстан Республикасының, сондай-ақ шет мемлекеттердің мемлекеттік және жеке ұйымдарында қабылданады.
Компанияның мөрімен куәландыру
Компанияның мөрімен куәландыру — бұл біз өз клиенттерімізге бірінші сұраныс бойынша ұсынатын ақысыз қызмет. Көптеген елшіліктер, консулдықтар, университеттер және басқа ұйымдар сертификатталған/алқаби аудармашының аудармасын қабылдайды.
Іс-шараларды ұйымдастыру
Хостес.
Біздің кәсіби хостестеріміз қонақтарды іс-шараларда қабылдаумен және олармен бірге жүрумен айналысады, олардың жайлылығын қамтамасыз етеді.
Біз қызметтердің кең спектрін ұсынамыз, соның ішінде:
Қонақтарды тіркеу. Біздің қызметкерлеріміз іс-шараға қатысушылармен кездесіп, оларды тіркейді, ақпаратты тізімге енгізеді және сәйкестендіруге ыңғайлы болу үшін бейдждер береді;
Ақпаратты тарату.
Біз жарнамалық материалдарды, буклеттерді, визиткаларды, парақшаларды және фирмалық кәдесыйларын таратамыз, бұл іс-шараңызды мазмұнды және есте қаларлықтай етуге көмектеседі;
Өнім консалтингі.
Біздің хостестеріміз сіздің бизнесіңіздің негізгі аспектілеріне назар аудара отырып, келушілерді бар және жаңа өнімдермен танысуға шақырады;
Жайлылықты қамтамасыз ету.
Біз қонақтарда жағымды әсер қалдырамыз, олармен сыпайы қарым-қатынас жасаймыз, дәм таттырамыз және жұмыс орнындағы тазалықты қадағалаймыз. Қажет болған кезде, көрмелерде даяшы ретінде қызмет көрсетеміз.
Ақпараттық қолдау.
Біздің хостестеріміз қонақтардың сұрақтарына жауап беруге, әлеуетті клиенттерді жауапты қызметкерге жіберуге және есеп журналын жүргізуге дайын. Біз сондай-ақ кейінгі өзара әрекеттесу үшін визиткаларды жинаймыз;
Рәсімдер мен марапаттар.
Біздің хостестеріміз сахнада дипломдар, грамоталар, сыйлықтар мен кәдесый өнімдерін тапсыру рәсімдеріне қатыса алады;
Мультитілділік.
Сонымен қатар, «Translators Group» хостестері шет тілдерін біледі, бұл шетелдік қонақтарға қолдау көрсетуге және іс-шара барысында бағыттауға мүмкіндік береді;
Біздің хостестердің көмегімен сіздердің іс-шараларыңыз барлық қатысушылар үшін ұйымдастырылған, ақпараттандыратын және ыңғайлы болады. Біздің мамандар сіздердің іс-шараларыңызды ұмытылмас және табысты ету үшін тәжірибе мен кәсібилікке ие.
Iлеспе аударма үшін жабдықты жалға алу.
Iлеспе аударма, әсіресе іс-шараларда, конференцияларда немесе басқа кәсіби ортада, аудармашылар мен аудитория арасында тиімді байланыс орнатуға мүмкіндік беретін арнайы жабдықты қажет етеді.
Біз келесі жабдықты жалға береміз:
Аудармашыларға арналған кабиналар (Translation Booths). Аудармашылар жайлылық пен құпиялылықты қамтамасыз ететін дыбыс өткізбейтін кабиналарда жұмыс істейді. Бұл кабиналар әдетте микрофондармен, құлаққаптармен және компьютерлермен жабдықталған болады;
Радио және инфрақызыл сигнал беру жүйесі (RF/IR жүйелері).
Бұл жүйе адуармашы кабинасы (-на)/(-нан) және аудитория құлаққаптарына белгілер береді. Ол аударманың үздіксіз берілуін қамтамасыз етеді және шулы фонынан оқшаулайды;
Құлаққаптар (Headset).
Аудармашылар мен тыңдаушылар аударманы тыңдау үшін құлаққап киеді. Бұл құлаққаптар әдетте түпнұсқа және аударылған мәтін арасында ауысу үшін екі арнамен жабдықталады.
Микрофондар (Microphones).
Аудармашылар аудармаларын аудиожүйеге жіберу үшін микрофондарды пайдаланады. Микрофондар стационарлық немесе портативті болады.
Басқару жүйелері (Control Units).
Олар аудармашыларға дыбыс деңгейін басқаруға, арналарды таңдауға және техникалық параметрлермен өзара жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Аудио- және бейнежазба (Audio/Video Recording).
Кейбір іс-шараларда аудармасы бар аудио- және бейнежазбаларды жасау үшін жазу жүйелері қолданылуы мүмкін.
Техникалық қолдау.
Кәсіби техниктер әдетте іс-шара барысында жабдықты баптауды және сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
Коммуникация жүйелері (Communication Systems).
Аударманы үйлестіру және мәліметтерді талқылау үшін аудармашылар арасында байланыс құралының болуы маңызды.
Iлеспе аударма жабдығы аудармашылардың нақты уақыт режимінде аударманы қамтамасыз ете отырып, түпнұсқа мәтінмен қатар жұмыс істейтінін білдіреді. Бұл жабдық аудармашылардың сапалы және тиімді жұмысын және аудиторияның ыңғайлылығын қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Translators Group – тан iлеспе аударма қызметін алу артықшылықтары:
Біздің компания iлеспе аударма қызметтерін ұсынумен, сонымен қатармамандандырылған жабдықты жалға беру қызметтерімен айналысады. Біздің мамандар жабдық жеткізушілерін ұсына алады, жабдық үлгісін таңдау бойынша кеңес береді, іс – шараға техникалық сүйемелдеу қызметін көрсетеді және функционалмен таныстыру жұмыстарын өткізеді.
Лингвистикалық аудит.
Лингвистикалық аудит — бұл жұмыс коммуникациясында қызметкерлердің шет тілін білу деңгейін бағалаудың таптырмас құралы. Бұл процесс дағдылар туралы объективті деректерді қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар жеке білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін негіз болып табылады. Лингвистикалық аудиттің айрықша ерекшелігі - оның әмбебаптығы және оқыту сапасын бақылау құралы ретінде қызмет ету қабілеті болып табылады.
Лингвистикалық аудиттің негізгі кезеңдері:
Корпоративтік жоспарға интеграция.
Бірінші қадам — лингвистикалық аудиттің стратегиялық мақсаттарын анықтау және оны корпоративтік жоспарға енгізу үшін компанияның топ-менеджментімен кездесу.
Байланыс салаларын айқындау.
Компания басшыларымен кеңесу арқылы шетелдік әріптестермен байланыс салаларын анықтап алған маңызды.
Қажеттіліктерді талдау.
Аудиттен өтетін бөлімдер мен қызметкерлердің тілдік қажеттіліктеріне талдау жүргізіледі.
Тілдік тестілеу.
Қызметкерлердің лауазымдық міндеттерінің ерекшеліктерін ескеретін тілді білу деңгейін анықтауға арналған тілдік тестілеу жасалады және өткізіледі.
Кәсіби коммуникативтік құзыреттілікті бағалау.
Тілдік дағдылар деңгейін нақты лауазымның талаптарымен салыстыру жүзеге асырылады.
Есеп және ұсыныстар.
Аудит нәтижелері бойынша корпоративтік тіл саясаты және қызметкерлер үшін қажетті оқыту бойынша ұсынымдары бар есеп ұсынылады.
Жұмысқа қабылдау кезіндегі тілдік талаптар.
Жаңа қызметкерлерді жалдау кезінде оларға қойылатын тілдік талаптар әзірленеді.
Лингвистикалық аудит — дағдыларды бағалау ғана емес, сонымен қатар ол қызметкерлер арасында тілдік құзыреттіліктің жоғары деңгейіне қол жеткізу құралы. Бұл шетелдік әріптестермен тиімді қарым-қатынас жасауға және компанияның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
Жобалар
Біз туралы көбірек білу үшін Жобалар бөлімін қараңыз, онда сіз қызықты оқиғалар, өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат таба аласыз және біздің тәсіліміз туралы көбірек біле аласыз.
Для расчета стоимости и сроков перевода заполните форму, кратко опишите задачу, и, при необходимости, прикрепите документ. Так мы сможем быстрее обработать Ваш запрос и связаться с Вами для уточнения деталей.