Компанияның жаңалықтары

13.09.2024

Астана 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындарын сәтті өткізді

2024 жылғы 8-13 қыркүйек аралығында Астана 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындарын сәтті өткізді. Бұл халықаралық шарада этникалық спорт түрлері көрсетілді. Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындары алғаш рет 2014 жылы Қырғызстанда өтті, кейінгі ойындар Шолпан-Ата қаласында ұйымдастырылды. 2022 жылы Түркияның Изник қаласында 82 елден 3 000-нан астам спортшы қатысқан ойындар өтті. Биылғы ойындарда әлемнің 89 елінен 2 500-ден астам қатысушы 97 медаль жиынтығы үшін бақ сынасты. Астанада өткен 5-ші Көшпенділер Ойындарында 21 спорт түрі ұсынылды, оның ішінде: aт жарысы, ұлттық күрес түрлері, жекпе-жектер, дәстүрлі садақ ату, құсбегілік, интеллектуалды халық ойындары және тағы басқалар.

Ойындарға көшпенділердің ұрпақтары мекендейтін елдермен қатар, әлемнің түкпір-түкпірінен командалар да қатысты. Спорттық бағдарламамен бірге, мәдени және ғылыми шаралар, соның ішінде «Көшпенділер Ғаламы» этноауылының ашылуы өтті, онда көшпенділер дәстүрлері таныстырылды.

Аудармашылар тобы халықаралық қатысушылар арасында өзара түсіністікті қамтамасыз ету үшін белсенді қатысып, ойындардың табысты өтуіне үлестерін қосты.